Мектеп-бұл біздің өміріміздің басты сатысы. Ол мінезді қалыптастырады, бізді қоршаған ортаға дұрыс бейімделуге үйретеді.
Адам өміріндегі ең бастысы мектептен басталады. Мектеп жылдарында қандай болсаң, келесі өмірде де сондай боласың. Біздің №8 орта мектебімізге алпыс жыл. Оның тарихындағы ел үшін маңызды кезең – тың жерлері игеруінің басталуы.
1987 жылы мектеп жаңа әдемі және заманауи ғимаратқа көшті. Осы жылдар арасында біздің мектеп қабырғасынан көптеген түлектер шықты. Олардың көпшілігі біздің елімізде және шетелде танымал адамдар.
Мектеп тек қана білім берумен шектелмейді. Ол ештеңеге алмастырмайтын өмірлік тәжірибе береді. Мектеп өз оқушыларын жаңа қызықты өмірге дайындайды. Қамқор және мейірімді ана ретінде, ол өз ұшін ештеңе талап етпей, барлық құндылықтарды балаға беруге тырысады. Жыл сайын жаңа ұрпақ үлкен өмірге қанат жаяды, ал мұғалімдердің басты тілегі – олар біздің мектептің намысын қорғап, оның ең жақсы дәстүрлеріне адал болуы. Мектеп оқушыларының кез – келген үлкен немесе кішкентай өмірлік жеңісі, - бұл олардың мұғалімдері үшін шексіз қуаныш. Біз конькимен жүгіру спортынан әлем чемпионы, Кузин Денисті, оқушылар арасындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық ғылыми жобалардың жеңімпазы Сейтжанов Аңсарды, әлем чемпионы, бокстан спорт шебері Рябец Надежданы, ҚР Чемпионы, бокстан спорт шеберінің үміткері Тілеубаева Сәлиманы әрқашан мақтан тұтамыз.
11 жыл бойы біздің мектеп оқушылары КТК мектеп командасының қатысушылары болып табылады, біздің команда екі мәрте: 2009, 2016 жылдары қалалық мектептер лигасының чемпионы атанды. Бірнеше жыл бойы біздің мектеп "Би аумағы" мектептер жобасының қатысушысы, ал биылғы оқу жылында жоба қатысушылары 3 дәрежедегі марапатқа ие болды.
Тоғыз жыл бойы мектепте баскетбол секциясы жұмыс істейді, бұндағы спорт командасы ҚР бес дүркін чемпионы, ол баскетбол бойынша қалалық, облыстық, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері.
15 жыл бойы біздің мектеп оқушылары "Allegro" вокалдық үйірмесінің белсенді қатысушылары. Вокалистердің шығармашылық жолы вокалдық байқаулардағы жеңістерге бай.
20 жылдан астам мектептің "Романтик" театр ұжымы жұмыс істеп келеді, оның шығармашылық жеңістері көптеген мақтау қағаздары мен марапаттарымен расталған.
Табысты тұлға-бұл ең алдымен дарынды, креативті, жауапты адамдар, ал олардың бәрі - біздің мектептің оқушылары.
Бірақ мектептің басты мақсаты - мейірімді және қайырымды адамдарды тәрбиелеу. Мектеп бірнеше жыл бойы Қостанай қаласындағы мүгедек балаларға арналған интернатымен байланыс жасауда. Осы оқу жылында мүгедек балаларға көмек көрсету бойынша «Мен жауапкершілікті таңдаймын» қалалық байқауының «Қиын жағдайға тап болғанға қолдау жаса» атты номинациясы бойынша «Мейірімділік жолымен» аты мектеп жобасы жеңімпаз атағына ие болды. Біз әрқашан мектеп жылдарын, біздің мұғалімдеріміз бен сыныптастарымызды есте сақтаймыз, олар біз үшін туған адамдарға айналды, мұнда біздің бақытты бала шағымыз өтті, біздің мектеп – туған үйіміз. Ал әрқашан өміріміздің әнұраны - бұл туған мектебіміздің әнұраны.