Хабарландыру!
Болашақ бірінші сынып оқушыларының құрметті ата-аналары!
«Қостанай қаласының білім бөлімінің № 8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау туралы хабарлайды!!!
Бірінші сыныпқа білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Egov электрондық үкімет» веб-порталы және «Sakura» электрондық мектебі арқылы жүзеге асырылады
Бірінші сыныпқа түсетін баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1-сәуірінен 1-тамызына дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) 1-қосымшаның нысанына сәйкес ата аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;
2) денсаулық жағдайы туралы № 065/у нысанындағы, № 026/у-3 нысанындағы медициналық анықтамалар («Бала денсаулығының паспорты», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
3) 3х4 см (2 дана) баланың фотосуреті;
4) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады).
Бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сенімсіздігін анықталуы;
2) Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12-қазанындағы № 546 бұйрығымен бекітілген (№ 17553 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарының сәйкес келмеуі;
3) сынып жиынтықтарының толып кетуі.
57-46-92 телефон арқылы анықтама, 09.00-ден бастап 18.30-ға дейін
(түскі үзіліс 13.00.-14.30.)