Құттықтаймыз!
2026 жылғы 20–26 маусым аралығында Ақтау қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының чемпионатында мектебіміздің 5 «В» сынып оқушысы Жұмашев Жәнібек жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
Жарыс қорытындысы: Көпсайыс (6 спорттық снаряд бойынша жалпы есеп) – І орын; Керме – І орын; Сақиналар – ІІ орын.
Жәнібекті осы зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндерің көп болып, алар асуларың биік, бағындырар белестерің мол болсын! Деніңе саулық, оқуыңа табыс, спорттық жолыңда толағай жеңістер тілейміз!
