11 қазанда абсолютті шынайы жекпе-жектен облыстық жарыс өтті. Аталған жарыста мектебіміздің 5 «В» сынып оқушысы Мамчак Арсений жүлделі І орынға ие болды!
Арсений жоғары дайындық деңгейін, қайсарлық пен жеңіске деген жігерін көрсетіп, Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеуден сәтті өтті!
Арсенийді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық чемпионатта сәттілік, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

