Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына N8 ЖББМ-нің барлық педагогикалық ұжымы дәстүрлі түрде атсалысты. Биыл Халық банкі өзінің жүз жылдығын атап өтуде.
Мерейтой аясындағы жарқын жобалардың бірі – «100 игі іс». 2023 жылдың 31 тамызында мектепке «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өкілі Башикова Айгерим Жусуповна келді. Ол бірінші сыныптың екі оқушысына сөмке мен оқу құралдарын берді. Сондай-ақ Айгерим Жусуповна барлық 5-11 сынып оқушылары үшін Халық банкінің акциясына қатысуға шақырды. Енді олар оқу жылында өте жақсы баға алғаны үшін бонустар алатын болады.