2024 жылғы 6-ақпанында №8 жалпы білім беретін мектепте "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін құқықтық жауапкершілік" және "Террористік сипаттағы қатерлер кезіндегі іс-қимыл алгоритмі" атты тақырыптары бойынша сабақ өтті. Қостанай облысы полиция Департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері полиция подполковнигі Амангелді Бапинов 9-11-сынып оқушылары мен мектеп қызметкерлеріне жалған шақыру қандай салдарға әкеліп соқтыратынын және террористік шабуылдың не екенін айтып берді. Сабаққа барлығы 212 оқушы мен мектеп қызметкерлері қатысты. Содан кейін жарылғыш құрылғыны анықтау әрекеттері туралы бейнероликті көрдік. Балалар тақырып бойынша белсенді сұрақтар қойды.