2025 жылғы 14-ақпанында №8 жалпы білім беретін мектепте аутодеструктивті мінез-құлықтың, қорқытудың және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Мектеп директоры Унайбеков Руслан Буранбайұлы өзінің кіріспе сөзінде осы тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Мектептің педагог-психологы О. Э. Коротченко ата-аналарға оқушылар арасында суицидтік мінез-құлық пен қорқытудың алдын алу нысандары мен әдістері туралы айтып берді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу бойынша мектептегі жұмыстың жағдайы туралы директордың Т. Ж жөніндегі орынбасары Бурцева Алла Петровна хабарлады. Ата-аналар жиналысының қорытындысында Қостанай қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Жәнібек Нұрланұлы Қайыпов сөз сөйледі. Ол кәмелетке толмағандардың, егер олар құқық бұзушылық жасаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы сөйлеп, сонымен қатар ұлтаралық қатынас мәселесіне тоқталды.
