2025 жылғы 26 қыркүйекте Қостанай облысы Қарабалық ауданының №8 жалпы білім беретін мектебінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен ПӘБ (психоактивті заттарды) қолданудың алдын алу» тақырыбында профилактикалық дәріс өтті.
Дәрісті Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Бисимбаева Гүлсім Айтжановна жүргізді. Ол оқушыларға психоактивті заттардың зияны, олардың денсаулыққа және өмірге тигізетін кері әсері, сондай-ақ құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында жасөспірімдердің дұрыс өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға, құқықтық сана мен зиянды әдеттерге «жоқ» деп айту дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды.
Шара ашық диалог форматында өтіп, оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық пен белсенділік тудырды.
