"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mektep8.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

В. А. Сухомлинский мектептегі оқу-тәрбие процесінің үш құрамдас бөлігін анықтады: ғылым, шеберлік, өнер. Мұғалім өзінің шығармашылығы мен қажымас еңбегінің арқасында өзінің талантын көрсетіп қана қоймай, оқушының бойында оның әлеуетті мүмкіндіктері мен жеңіске деген ұмтылысын оята алады.

2022 жылғы 1-қарашада № 8 жалпы білім беретін мектепте пәндік әдістемелік бірлестіктердің отырысы өтті, онда ӘБ басшылары шығармашылық есеп берді. Бұл іс шара озық тәжірибені жүйелеу жалпылау және тарату мақсатында өткізілді.

Пәндік әдістемелік бірлестіктердің басшылары барлық қатысушыларды өздерінің ӘБ-нің сапалық құрамымен, кәсіби шеберліктің күндізгі және қашықтықтан конкурстарында, тәжірибені жинақтауда және жарияланымдарда педагогтардың нәтижелілігімен таныстырды.

Сөйлеу барысында дарынды балалармен мұғалімдердің жұмысына ерекше орын берілді. Оқушылардың күндізгі және қашықтықтан байқауларындағыда жеңістері айтылды.

Пәндік әдістемелік бірлестіктер отырысының қорытындысы бойынша мектеп директоры Унайбеков Руслан Буранбаевич педагогтардың қызметіне баға берді және олардың өз шеберліктерін жетілдіру және білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша одан әрі жұмысында ұсыныстар берді.