2024 жылдың 1 ақпанында "Оқы және жең" атты облыстық байқауы басталды, оның міндеті Қостанай облысы тұрғындарының оқу белсенділігін арттыруға ықпал ету. № 8 жалпы білім беретін мектептің білім алушылары осы онлайн конкурсқа белсенді қатысуға шешім қабылдады. Мектептің фойесінде ақпараттық стенд орналасқан. Сондай-ақ, ақпарат WhatsApp-қа орналастырылды. Мұғалімдер де, мектеп оқушылары да, олардың ата-аналары да осы іс - шараның ережелерімен таныса алды. Мектеп кітапханасының меңгерушісі О. М. Азмухаметова мектеп парламентінің өкілдерімен бірге конкурс өткізу туралы ақпарат парақтарын таратты. Бүгінгі таңда көптеген білім алушылар "Оқы және жең" атты байқауына қатысу үшін тіркелді.