"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mektep8.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Наурыз мейрамы - көктем, махаббат пен жақсылық мерекесі. Бұл үлкен мерекенің жақындағанын № 8 жалпы білім беретін мектептің оқушылары да сезінді. Мектепте Наурыз мейрамына арналған түрлі іс-шаралар өтуде. 19 – наурызда "Бауырсақ Пати" атты мерекелік бағдарламасы өтті. Наурыз мерекесін жомарт тойлау үйге бір жыл бойы молшылық пен табыс әкеледі деп бұрыннан сенген. Сондықтан тәттілер мен кондитерлік өнімдерді сатудан түскен барлық ақша "Алақандағы өмір" атты қайырымдылық жобасы аясында балаларды емдеуге жұмсалады. Іс - шара өте қызықты өтті. Басында дәстүр бойынша Аяз Ата батасын берді. Содан кейін барлық қатысушыларды Бойчук Дарья әсем әнімен құттықтады. Бүгін мерекеде белгіленген ережелер қатаң сақталды: Наурыз - көже және ыстық шай ішу және ұлттық ойындарға белсенді қатысу. Балалар ғана емес, мұғалімдер де "Асық ату", "Таяқ тарту", "Арқан тарту" атты ойындарын үлкен ынтамен ойнады, армрестлингте өз күштерін дәлелдеді және бөренелерде жастықтармен шайқасты. Мұғалімдер мен білім алушылардан басқа, іс - шараға өз балаларына қолдау көрсеткен, оларға өнімді сатуға көмектескен ата - аналар да қатысқаны қуантады. Баршаңызды әдемі, гүлденген және көктемгі Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер үшін ең қымбат және көптен күткен сыйлықтар бақыт пен рухани үйлесімділік болсын!