Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 26.08.2022 жылғы № 04-05/2159 хатына сәйкес. Аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы оқушыларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі.
Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағыттағы бастама «Мектепке жол - Шекарасыз Жақсылық»ұранымен өткізіледі.