«Заң мен тәртіп» айлығы аясында 28.01.2026 ж. мектепте құқықтық клубтардың акциясы өткізілді. Іс-шара барысында мектеп Парламентінің мүшелері білім алушылар алдында «Құқықтар мен міндеттер» тақырыбында мазмұнды хабарламалар жасап, әрбір адамның құқықтық нормаларды сақтау мен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын еске салды. Іс-шара «Адал азамат» бірыңғай тәрбие беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
