"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі

№8 ЖБМ КММ-де  2022 жылғы 05-15-желтоқсаны аралығында  «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» атты тарих және география ӘБ онкүндігі өтті. Мектеп оқушылары шығармашылық конкурстарға белсенді қатысты: «Менің Отаным – Қазақстан» атты үздік патриоттық өлеңге арналған оқырмандар конкурсына, «Мен тарихты суреттеймін» атты суреттер конкурсына, «Ұлы даланың ұлы адамдары» атты тақырыбы бойынша тақырыптық қабырға газеттерін орындады, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31- жылдығына арналған "Ел олармен мақтанады. Қазақстан тарихындағы тұлғаның рөлі"  атты ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Апта бойы балаларға қызықты тапсырмалар ұсынылды: кроссвордтар, ребустар, жұмбақтарды шешу. Мұғалімдер «Тарихтағы тұлға», «Менің туған өлкем» атты тақырыптық стендтерін дайындады, оқушыларға өздерінің зияткерлік және танымдық қабілеттерін көрсетуге, эрудициясын, ой-өрісін кеңейтуге көмектесетін интеллектуалды, интеграцияланған, ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізді. Әдістемелік бірлестіктің барлық педагогтары өздерінің кәсіби шеберліктерін, балаларға және өз пәндеріне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Пәндік апта шығармашылық, ынтымақтастық атмосферасында өтті деп сеніммен айтуға болады. 2022 жылғы 15-желтоқсанында линейкада тарих және география пәндік апталығының ең белсенді қатысушыларына грамоталар табысталды.