19 желтоқсанда КГП «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының» психологы Бисимбаева Г.А. «Психобелсенді заттарды (ПБЗ) қолданудың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында алкоголь мен есірткіге тәуелділіктің себептері мен салдары, олардың адам денсаулығына, мінез-құлқына және әлеуметтік өміріне тигізетін кері әсері қарастырылды. Сондай-ақ зиянды әдеттерге қарсы тұру, саналы таңдау жасау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.
