2025 жылғы 23-қаңтарында №8 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушыларының Қостанай қаласы прокуратурасының өкілдерімен кездесуі өтті.
Қостанай қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры Мұстафин Шыңғысхан Балабекұлы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша, жемқорлық туралы әңгіме жүргізді. Ол құқық бұзушылықтың не екенін және олар үшін қандай жазалар қарастырылатынын айтты. Прокурор нашақорлық пен интернет - алаяқтыққа және жасөспірімдер арасында буллинг жеке тоқталды. Балалар сұрақтар қойды, өмірден мысалдар келтірді, қандай да бір қиын жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы кеңес сұрады. Кездесу соңында мектеп директоры Унайбеков Руслан Буранбайұлы тағы да оқушылардан қырағы болуды және заңға сәйкес өмір сүруді сұрады.
