«ҚҰҚЫҚТЫҚ ХАБАРШЫ»: ҚҰҚЫҚ, ЖАУАПКЕРШІЛІК, ҚҰРМЕТ!
Мектебімізде «Адал Азамат – Зайырлы мемлекет – Қуатты қоғам» атты азаматтық құқықтар мен зайырлы құндылықтар апталығы аясында мектеп Парламентінің қатысуымен Мектептің құқықтық және зайырлы мәдениеті манифесін қабылдау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар заңдарды сақтаудың, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің, зайырлылық қағидаттарын ұстанудың, адалдық пен жауапкершіліктің маңыздылығын талқылады.
Манифестің қабылдануы мектеп қауымдастығының құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, өзара сыйластық пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға деген ұмтылысының көрінісі болды.
Өз құқығыңды білу, міндеттеріңді орындау және өзгелерді құрметтеу – лайықты азамат болудың негізі!
#АдалАзаматКостанай #ЗайырлыМектеп #ҚұқықтықХабаршы #МектепПарламенті #ҚұқықтықМәдениет
