Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «ТӨРТ ТОҚСАН ТӨРТ ӨНЕР», сонымен қатар оқушылардың бойында халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды түсінуге негізделген толеранттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектептің қазақ орталығында барлық оқушыларға арналған «Қазақтың колонері» көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде қазақтың халық қолданбалы өнерінің элементтері ұсынылды. Ұсынылған әрбір элемент қазақ халқының жан-жақтылығы мен шеберлігін көрсетеді. Оның мазмұны мен тарихы туралы әңгімелейді. Мектебіміздің қазақ орталығы жыл сайын осындай жұмыстармен толығып келеді. Оқу жылы бойы оқушылар жаңа көрме материалдарымен танысу үшін қазақ орталығына келеді. Мұндай жұмыстар әрбір оқушыға қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тұрмысын жеткізуге мүмкіндік береді.