2025 жылғы 23 қыркүйекте құқық бұзушылықтардың алдын алу жоспары аясында, сондай-ақ кәсіби бағдар беру мақсатында 9 «В» сынып оқушылары Қостанай облысы полиция департаментінің музейіне барды.
Экскурсия барысында балалар ішкі істер органдарының қалыптасу тарихымен танысып, полиция қызметінің әр жылдардағы жұмысымен байланысты экспонаттарды көрді, сондай-ақ құқық тәртібін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан қызметкерлердің ерліктері туралы білді.
