"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/mektep8.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

2023 жылғы 4-қаңтарында № 8 жалпы білім беретін мектепте "Балалардың сапалы білім алуға тең қолжетімділігі мен құқықтарын қамтамасыз ету бөлігінде білім беру ортасын оңтайландыру жолдарын іздеу" тақырыбы бойынша педагогикалық кеңес өтті. Бұл педагогикалық кеңестің мақсаты білім беру ортасының оңтайлылығын қамтамасыз етуге байланысты проблемалардың спектрін анықтау және оларды жеңу жолдарын анықтау болды.

Теориялық бөлімнің басында директордың ОТЖ жөніндегі орынбасарлары Е. Буяльская мен Р. Амангелдиеваға сөз берілді, олар барлық қатысушыларды 2022-2023 оқу жылының екінші тоқсанының қорытындысы бойынша білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасын талдаумен таныстырды. 

Мектеп психологтары В.Ничипуренко мен А. Ақтанова инклюзивті білім беруді дамытудағы психологиялық-педагогикалық қызметтің жұмысы туралы айтып берді. Мектептің логопеді К. Михеева ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту туралы тақырыпты жалғастырып, мұғалімдерге мектеп логопунктінің жұмысы жағдайында осындай оқушыларды логопедиялық сүйемелдеу туралы хабардар етті.

Мектеп директоры Р. Унайбеков педагогикалық кеңес мүшелеріне қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссияның тізімін, 2022-2023 оқу жылының екінші жартыжылдығына арналған сабақтар, факультативтер сабақтарының кестесін және 2023 жылдың 1 - жартыжылдығына аттестатталатын педагогтардың тізімін бекітуді ұсынды.

Педагогикалық кеңестің практикалық бөлігіне мұғалімдер, психологтар мен логопедтер қатысты. Психолог А. Ақтанова ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған түзету-дамыту сабақтарымен мұғалімдерді  таныстырды. Мектеп логопедтері К. Михеева мен А. Мишенова дыбыстарды саралау ережелеріне бағытталған жаттығулармен жұмысты және балаларды сөйлеуге үйрету процесінде мнемотехниканы қалай қолдануға болатынын көрсетті.

Бастауыш сынып мұғалімдері Т. Скачкова мен Е. Чуйкова «Бастауыш мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін мотивациялық-танымдық орта құру» атты тақырыбы бойынша мастер-класс өткізді.

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың заманауи тәсілдері туралы биология пәнінің мұғалімі К. Пушкарская айтып, мысалдар арқылы көрсетті.

Педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша мектептің барлық мұғалімдері инклюзияны қолдау кабинетіне экскурсияға қатысты.