«Өмірді таңда!» атты Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында «Есірткіге – жоқ дейміз!» акциясы өткізілді. Мектептің педагог-психологтері Глушань Е.И. мен Коротченко О.Э. шағынаудан тұрғындары мен «Күншуақ» мектеп жанындағы алаң қатысушыларына ақпараттық буклеттер таратты. Іс-шара барысында қатысушыларға денсаулықты сақтаудың маңыздылығы, дұрыс өмірлік бағдарларды таңдау және зиянды әдеттердің алдын алу туралы пайдалы мәліметтер ұсынылды.
