Бүгін мектебімізде Республика күніне арналған «Ел жүрегі — менің Отаным!» атты мерекелік концерт өтті. Әсерлі өнер көрсетілімдері, жүрекке жеткен әндер мен жылы лебіздер көрермендерге бірлік, мақтаныш және туған Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімін сыйлады.
Концерттің ең әсерлі сәттерінің бірі — Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін барша ұжым болып орындау болды. Сол сәтте барша дауыс туған жерге, ортақ шаңырағымызға және жүрегімізге жақын Қазақстанға деген шынайы сүйіспеншілікті жеткізді.
