Жыл сайын мектебімізде көптен күткен оқиғалардың бірі – Дублер күні өтеді. Биыл да ерекшелік болған жоқ.
Оқушылардық өзін-өзі басқару белсенділері күннің басында әдемі безендірілген фойеде мұғалімдерді құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ескі дәстүр бойынша бұл күн тамаша және сүйікті мереке – Мұғалімдер күні тойланады!
6 қазанда 10-11 сынып оқушылары ұстаз-тәлімгер рөлінде өздерін сынап көрді, ал оқушылар ерекше сабақтарға қатысты. Оқытатын пәндерді алмастыратын мұғалімдер өздері таңдады. Сабақтарды дайындау жауапкершілікпен және шығармашылықпен жүргізілді. Сыныптарда жұмыс қызу жүріп жатты, балалар тәлімгерлердің барлық тапсырмаларын қуана орындады. Ең қызықты сәт 12 «А» сыныбында сабақ беру болды, оның оқушылары мектеп мұғалімдері болды.
Қызықты мектеп күні тек оқушылар ғана емес, ұстаздар да қатысқан мерекелік концертпен аяқталды.