"Досыңа кітап сыйла" - бұл дәстүрлі түрде № 8 ЖББМ-де өткізілетін тағы бір жақсы акция. Бірінші тоқсанда 1-11- сыныптары аралығындағы балалар жолдастарымен бөліскісі келетін кітаптарды әкелді.
2 - қарашада алтыншы сынып оқушылары өздерінің сынып жетекшілері Ксения Васильевна Пушкарская және Елена Андреевна Курановамен бірге Қостанай қаласының уақытша оңалту орталығына барды. Олармен бірге мектеп парламентінің мүшелері және оның президенті Кенджаев Артем барып қайтты. Олар балаларды демалыстарымен құттықтап, оларға мектеп оқушыларының атынан сыйға тартқан кітаптарды оқудан тамаша көңіл-күй және денсаулық тіледі.