"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында елімізде түрлі патриоттық іс-шаралар өтуде. Осы игі бастамадан біздің мектеп оқушылары да шет қалған жоқ. 2025 жылғы 14 қазанда ұлт ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов ескерткіші алдында «Еркіндікті қорғаған сөз» атты еске алу митингі өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттың ұлы перзенті, «Алаш» қозғалысының жетекшілерінің бірі Міржақып Дулатовтың өмірі мен мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, азаматтық жауапкершілікке және ел тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.

Митингке 10–11 сынып оқушылары, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі қатысты. Оқушылар М. Дулатовтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндама жасап, оның шығармаларынан үзінділер оқыды.

Іс-шара салтанатты әрі тағылымды жағдайда өтті. Ол жас ұрпаққа тарих сабағы болып, өткенге деген құрмет пен елге деген сүйіспеншілікті нығайтты