"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі

БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!

Қостанай қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектепте оқушылармен «Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Кездесуді полиция қызметкерлері өткізді:

Хусаинова Махаббат Кырымгиреевна – Қостанай облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция майоры;

Сурганов Ерлік Нұрланұлы – патрульдік полиция батальонының аға инспекторы.

Кездесу барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, көшеде қауіпсіз жүріп-тұру және балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Полиция қызметкерлеріне тағылымды кездесу өткізіп, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!

Есіңізде болсын: жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады!