Чемпиондық атаққа ие болу үшін мықты және мақсатты болу керек. Бұл №8 жалпы білім беретін мектептің 11 "Б" сыныбының білім алушысы Литвинов Владиславты атауға болады. Жақында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында ол алтын медаль жеңіп алды және "Итеру" жаттығуында 24 келіден екі гір көтеру бойынша абсолютті көшбасшы болды. Влад гірді 135 рет көтере алды. Енді Владислав Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) Жастар арасындағы әлем Чемпионатында еліміздің атынан қатысатын болады. Біз Владты лайықты марапатымен құттықтаймыз және оған жаңа жеңістер тілейміз!