2025 жылғы 10 қыркүйекте КГУ «ОШ №8» мектебінде 11-сынып оқушылары Халық банк өкілдерімен «Алаяқтық» тақырыбында кездесу өткізді.Банк мамандары оқушыларға қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы, қылмыскерлердің әлеуметтік желілерді, қоңырауларды және интернет сервистерін қалай пайдаланып, сенімге кіріп алдайтынын түсіндірді.
Әсіресе банктік карталарды, онлайн-аударымдарды және мобильді қосымшаларды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Оқушылар күмәнді жағдайларды қалай ажырату керектігін, белгісіз хабарламалар мен қоңыраулар түскенде не істеу қажеттігін, сондай-ақ жеке деректерді қорғау үшін қандай қадамдар жасауға болатынын білді.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыруға, қазіргі цифрлық заманда сақтық пен мұқияттылыққа үйретуге ықпал етеді.
