21 қаңтар күні ата-аналар қауымдастығымен «Тәрбие және жауапкершілік» атты жылы әрі мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға мектептің «Аналар кеңесі» ұйымының өкілі Ибраева Б.С. қатысып, балалар тәрбиесіндегі отбасының рөлі, жауапкершілікті қалыптастыру және оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысының маңызы туралы ой бөлісті.
