"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі

23 желтоқсанда ҚММ «№8 орта мектепте» 9 және 10-сынып оқушыларының Қостанай қаласы Полиция басқармасының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу «Заң және тәртіп. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында ұйымдастырылды.

Кездесуде негізгі баяндамамен Қостанай қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сахратов Марат Абдухаметович сөз сөйледі. Ол өз сөзінде заң талаптарын сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің маңызы туралы түсіндірді.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша Қостанай қаласы ПБ ЮПБ ОМБ ЮПБ-ның аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Бейсенова А.Б. және Қостанай қаласы ПБ ҚКБ жедел уәкілі, полиция капитаны Асанов С.М. баяндама жасады. Кездесу барысында оқушыларға құқықтық мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, заңға бағыну мен қауіпсіз мінез-құлық жөнінде ұсыныстар айтылды.