26-желтоқсанда жыл қорытындысы бойынша үздік спортшыларды марапаттау рәсімі өтті. Бұл күні спорттық биіктерге жетуге, қаланың, облыстың және еліміздің халықаралық аренадағы оң имиджін қалыптастыруға зор үлес қосқандардың барлығы жиналды. Қостанай қаласы әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлық № 8 жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, дарынды спортшылардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеген бокстан жаттықтырушы Роман Иванович Миничкинге табысталды. Біз оны осындай жоғары наградамен құттықтаймыз және жаңа жүлделі орындар тілейміз!