25-қазанда біздің еліміз үлкен мерекені – Қазақстан Республикасының күнін атап өтеді. Ата-бабаларымыздың Ұлы Дала Елінің бостандығы, қалыптасуы мен жеңісі туралы ғасырлық арманының орындалуы осы күнге байланысты.
22-қазанда № 8 жалпы білім беретін мектепте осы айтаулы күнге арналған мерекелік концерт өтті. Қазақстан Республикасының Әнұранын дәстүрлі түрде орындағаннан кейін мектеп директоры Унайбеков Руслан Буранбаевич барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады. Концерт жүргізушілері Соплакова Ангелина мен Абжанов Максим республикамыздың тарихи жолы, жетістіктері мен жеңістері туралы аздап айтып берді. Сахнадан орыс және қазақ тілдерінде әндер, өлеңдер шырқалды. Мектептің шығармашылық ұжымы ұлттық биді орындады.
Қазақстанда өмір әрқашан бейбіт болсын. Баршаңызға бақыт, шығармашылық табыс, ал біздің сүйікті Қазақстанға-өркендеуін тілейміз. Мереке құтты болсын!