2024 жылғы 8-қаңтарында № 8 жалпы білім беретін мектепте осы оқу тоқсанындағы бірінші жиыны өтті. Мектеп директоры Унайбеков Руслан Буранбайұлы барлығын екінші жартыжылдықтың басталуымен құттықтап, бірінші жартыжылдықты қорытындылады. Руслан Буранбайұлы оқушыларға мектептегі тәртіп ережелерін еске салып, білім алушылардың қалалық, облыстық және республикалық іс-шараларға белсенді қатысуын жалғастыратынына сенім білдірді. Жиын соңында 2023 жылдың соңында өткен конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.