2024 жылғы 18 қаңтарда № 8 жалпы білім беретін мектепте отбасылық тәрбие мектебі аясында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Директордың ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Петр Николаевич Радченко оқушылардың ата-аналарын мектепте биометриялық турникеттер орнату туралы хабардар етті. Содан кейін № 1 емхана КММ өкілдері дәрігер-эпидемиолог Сасыков Гульсим Мануаровна және жалпы практика дәрігері Нуржанова Кульиайра Кумаровна қызылшаға қарсы вакцинациялау қажеттігі туралы айтып берді.