2023 жылғы 16-ақпанында №8 жалпы білім беретін мектепте отбасылық тәрбие мектебі аясында 5-11- сынып оқушыларының ата-аналары үшін суицидтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп директоры Унайбеков Руслан Буранбайұлы кіріспе сөзінде барлық қатысушыларды құттықтап, жиналыс тақырыбының маңыздылығын атап өтті. Содан кейін директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Бурцева Алла Петровна ата-аналарға мектепте тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қатыгездікті алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстардың қалай жүріп жатқандығы туралы хабардар етті. Жиналысқа Қостанай қаласының өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығының маманы Хижняк Надежда Валерьевна қатысты, ол суицидтік мінез-құлықты алдын алу бойынша балалармен жұмыс істеу нысандары мен әдістері туралы айтты.Надежда Валерьевна отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне жеке тоқталды. Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлық тақырыбын мектептің педагог-психологы Короткенко Ольга Эдуардовна жалғастырды. Ата-аналар жиналысының соңында Валерия Васильевна Ничпуренко ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін жаттықтыру жаттығуларын ұсынды.