2023 жылғы 15-желтоқсанында №8 жалпы білім беретін мектепке полиция өкілдері келіп, 5-сыныптарының білім алушылары үшін "Тыйым салынған заттар. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі. Кәмелетке толмағандардың пиротехникалық құралдарды пайдалануы" атты тақырыбы бойынша дәріс өткізді. Қостанай станциясындағы ПЛБ-ның құқық бұзушылықты алдын алу тобының аға инспекторы полиция майоры Э. Б. Нарбасова, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының полиция инспекторы полиция лейтенанты М. А. Дощанов және полицияның қоғамдық көмекшісі А. К. Жобалаев білім алушыларға қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс және тыйым салынған заттарды пайдалану ережелері туралы айтты. Бесінші сынып оқушылары тақырып бойынша сұрақтар қойып, жанжалды жағдайларды талдады.