2023 жылғы 15-қыркүйегінде № 8 ЖББМ-де дәстүрлі Денсаулық және спорт мерекесі өтті. "Денсаулық фестивалі" мектеп директоры Унайбеков Руслан Буранбаевич сөз сөйлеген линейкадан басталды. Ол барлығына жеңіс тілеп, біздің мектептің білім алушылары салауатты өмір салтын ұстанатындығына сенім білдірді.
Өйткені, біздің мектептің түлектері - халықаралық олимпиада жұлдыздары: Надежда Рябец, Қазақстан Республикасының спорт шебері, бокстан төрт дүркін Қазақстан чемпионы, әлемнің қола чемпионы (Үндістан); Кузин Денис, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының қатысушысы, Қазақстанның алты дүркін чемпионы. Уәлихан Меңдіғалиевтің орындауындағы «Алға, Қазақстан» әні оларға және жаңа чемпиондарға арналды. Жарыс басталар алдында оқушыларға флешмобқа қатысу ұсынылды. Олимпиада алауын шығару құрметіне он бірінші сынып оқушылары Кулешова София мен Литвинов Владислав ие болды. Түлектер мен мектеп мұғалімдері арасында көңілді старттар өте қызықты өтті. «Муравейник» атты спорттық-ойын бағдарламасына 5-9-сынып оқушылары қатысты, ал оныншы және он бірінші сынып оқушылары волейболда 1-орын үшін күресті. Кіші балалар «Көңілді старттар» атты ойынына қатысты. Бүгін әр сынып мақтау қағазын алды. «Ең күшті» және "Ең батыл», «Ең жылдам» және «Ең тапқыр» номинациялар болды. Волейболдан жарыстарда орындар келесідей бөлінді: 1- орын-11 «Б» сыныбы, 2-орын-10 «А» сыныбы. Біз барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және сыйақыдан басқа, бүгінде барлығы үлкен қуат пен денсаулыққа ие болды деп сенеміз.