2024 жылғы 1 - наурызында № 8 жалпы білім беретін мектепте «Басқарушылық жалпыға бірдей оқыту: кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері, педагог - кәсіптік бағдар берушінің қызметі» атты семинар өтті. Қалаллық білім бөлімінің әдіскері Искакова Гүлнара Рахимовна сөз сөйледі.
№8 ЖББМ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Қарлығаш Аманжоловна Есенова жалпы білім беретін мектепте оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері туралы айтып берді. №15 ЖББМ директорының білім беру жұмысы жөніндегі орынбасары Арыстан Нұралы Нұрланұлы «АКТ арқылы түлектерге кәсібі бағыт -бағдар беру» атты тақырыбы бойынша баяндама оқыды. Содан кейін сөз №10 ЖББМ директорының бейіндік жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлнұр Оңдосыновна Исмагуловаға берілді, ол «Мамандық таңдау - болашақты таңдау» атты тақырыбы бойынша сөз сөйледі. №8 ЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Оксана Михайловна Классен сынып жетекшінің кәсіптік бағдар беру жұмысында ойын технологияларын пайдалану туралы барлық қатысушыларды хабардар етті. Семинар соңында №8 ЖББМ-нің психологы Ничипуренко Валерия Васильевна мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын психологиялық сүйемелдеу туралы айтып, практикалық сабақ өткізді.